Қарағандыда Қазақстандағы алғашқы көтерме-тарату логистикалық орталығы ашылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда Елорда күні қарсаңында Қазақстандағы ең ірі Global City көтерме-тарату логистикалық орталығы ашылды, ол ауыл шаруашылығы өнімдерін сату үшін «Солтүстік - Оңтүстік» ағындарын байланыстырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тікелей жеткізу және делдалсыз сату есебінен қарағандылықтар тауарларды көтерме және бөлшек саудада нарықтық бағадан төмен бағамен сатып ала алады. Көтерме-тарату оиталығы «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламалары аясында қолдау тапты.

Нысан өз жұмысын барлық қажетті санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтай отырып бастайды. Әзірге жеке кіреберістері бар жабық павильондар жұмыс істейтін болады, үлкен СОО карантиндік шектеулер алынғаннан кейін жұмыс істейді.

Көтерме-логистикалық орталық - бұл азық-түлік өнімдерін сақтауға, сұрыптауға және сатуға болатын ірі хаб жобасы. Ең бастысы, мұнда көкөніс пен жемістерді делдалсыз жүзеге асырылады, бұл Қарағанды нарығында ғана емес, республиканың басқа да өңірлерінде де бағаны төмендетуге мүмкіндік береді.

Кешен құрылысының мақсаты кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің бизнес жүргізуі үшін барынша қолайлы жағдайлар жасау, сауда операцияларынан алыпсатарларды алшақтату болып табылады. Бұл соңғы тұтынушы үшін бағаның төмендеуіне, сондай-ақ қалалықтарды әрдайым қолжетімді бағамен жаңа өнімдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік беруі тиіс. Көкөністер мен жемістер барлық көршілес елдерден - Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және т.б., сондай-ақ еліміздің оңтүстік өңірлерінен түсетін болады. Көтерме-тарату орталығы базасында жақын арада бизнеске ыңғайлы болу үшін кеден жұмыс істей бастайды.

- Көтерме-тарату орталығы платформасында сауда - саттықтың барлық спектрлері шоғырланған - ірі көтерме саудадан бөлшек саудаға дейін. Бұл сатып алушылар үшін бағаны төмендетуге мүмкіндік береді және кәсіпкерлер үшін тиімді бизнес жүргізуге септігін тигізеді. Сондай-ақ, бізде «Магнум» және «Сулпак» заманауи бөлшек сауда желілері ұсынылады, - деді «Альфарух» ЖШС директоры Игорь Милюков.

Бөлшек сауда үшін ауданы 42 мың шаршы метр сауда-ойын-сауық орталығы, 149 жеке тұрған сауда павильоны және ауданы 2 мың шаршы метр мамандандырылған ет павильоны салынды.

Мұнда ірі көтерме сауда орындары үшін әртүрлі температуралық режимдегі климаттық қойма, құрғақ қойма, УСҚ, теміржол тұйығы, көтерме краны бар контейнерлік алаң, кедендік ресімдеу аймағы, тиеу-түсіру техникасы қарастырылған.

Аумақта кросс-ДОК орналасқан, олар бір мезгілде 164 жүк көлігін қабылдай алады.

Орталықтың ыңғайлы көліктік логистикасы бар - Қарағандының Нұр-Сұлтан, Павлодар және Алматы бағыттарына қосатын жол айрықтарына тікелей жол бар.

Кешен аумағы 60 га құрайды, одан әрі 100 га дейін кеңейтіледі, онда сауда-қойма қызметімен байланысты жаңа инфрақұрылымдық нысандар салу жоспарлануда.

Сондай-ақ, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша мұнда фермерлер мен сатып алушылар үшін электрондық сауда алаңы құрылады және бизнес-үдерістерді басқаруды автоматтандыру қамтамасыз етіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Global City көтерме-тарату орталығының жобасы «Альфарух» ЖШС Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Жоба құны шамамен 24 млрд теңгені құрайды. Оны жүзеге асыру аясында 5 мың жұмыс орны ашылады.


Соңғы жаңалықтар