Қарағандыда қала ішінде жүретін бірнеше автобустың қозғалысы тоқтатылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласының билік өкілдері қала ішінде жүретін бірнеше автобус маршруттарын тоқтатты. Бұл шешім ауа райының қолайсыздығына байланысты қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті Қарағанды қаласының тұрғындары мен қонақтары! Ауа райы жағдайына, жол көрінісінің қиындығына, қатты желдің шектеулеріне байланысты Қарағанды қаласының ТЖ басқармасы мен полиция басқармасының келісімі бойынша келесі тұрақты бағдарлар тоқтатылады: №118, №55, №37, №15, №49, №73, №33. (Пришахтинск, Сұрыптау, ЖБИ). № 45 және №145 маршруттар кестесі екі есеге қысқартылады», - деп хабарлады Қарағанды қаласының әкімдігі.

Қала билігінің хабарлауынша, қалған қалалық бағыттар штаттық режимде жұмыс істейтін болады.

Сондай-ақ, Қарағанды әкімдігі барлық кәсіпорындардың басшыларын жұмыс күнін қысқартуға шақырады.

Қалааралық автобустарға келетін болсақ, ПД мен ТЖД қызметкерлері 10 бағыт бойынша жолды жауып тастады.


Соңғы жаңалықтар