Қарағандыда халықаралық айтыс қарсаңында «Сәкен» кітабының тұсауы кесілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарағандыда Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған халықаралық айтыс қарсаңында ұлы ақын, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері туралы кітаптың тұсаукесері өтті. Елордада жарық көрген басылымның авторы – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Аманжол Әлтаев.

«Мен Сәкен ағаға арналған кітапты бұрыннан шығарғым келген. Ақырында осы ойымның сәті түсті. «Сәкен» кітабы Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен ұлы ақын және жазушымыздың мерейтойына 1000 дана таралыммен жарық көрді. Басылым үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде Сәкен Сейфуллин туралы мақалалар мен ғылыми материалдар бар. Әрі қарай белгілі және жас авторлардың Сәкен туралы өлеңдері бар. Үшінші бөлімде Сәкен Сейфуллиннің шығармалары ұсынылған. Тираждың бір бөлігі кітапханаларға түседі», - деді Аманжол Әлтаев баспасөз мәслихатында.

Халықаралық айтыс Қарағанды облысы әкімдігі мен Nur Otan партиясының қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіледі. Ол 18 қыркүйекте С. Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының сахнасында басталады. Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия және Қытайдан келген 18 ақын сахна төрінде өз әндерін орындайды.

Ұйымдастырушылар өте мықты ақындар жиналғанын, қатысушылар арасында жас таланттар бар екенін атап өтті.

«Айтыс – қазақтың ежелгі өнері және өте күрделі, себебі ақындар толығымен суырып салма өнерінің көмегімен жеңіске жете алады. Біздің халық әншілерді өте жақсы көреді. Әр айтыста әрқашан залда ине шаншар жер болмайд. Себебі әрдайым мықты ақындар жиналады», - дейді қазылар алқасының төрағасы, танымал актер және режиссер, Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов.

Айтыс екі күн өтеді – 18 және 19 қыркүйекте. Гран-при иегері 3 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлық алады. Бірінші орын үшін – 1,5 млн теңге, екінші орын үшін – 750 мың теңге, үшінші орын үшін – 500 мың теңге ұтыс тігіліп отыр. Сонымен қатар екі арнайы жүлде қарастырылған.

Айтыстың ашылу салтанаты 11.00-де өтеді. Кіру тегін. Көрермендерді барынша көбірек тарту үшін залдан трансляция ұйымдастырылады. Экрандар театрдың фойесі мен кіші залында орнатылады.


Соңғы жаңалықтар