Қарағандыда дәмхана өртенді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Қарағанды қаласындағы дәмхананың бірінде 100 шаршы метр аумақта өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

20 ақпан күні 03 сағат 54 минутта Қарағанды қаласының Пришахтинск шағынауданындағы Зеленский көшесінде өрт болып жатқаны туралы хабар келіп түскен.

Бірінші өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде дәмхананың ғимаратын жалын шарпып жатқан. Бұл өз кезегінде жақын орналасқан көрші ғимаратқа өрттің таралу қаупін тудырды.

Өрт сөндірушілер 05 сағат 30 минутта тілсіз жауды толықтай ауыздықтады.

«Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің 28 адамы мен 7 техникасы жұмылдырылды. Өрт салдарынан шатырдың ағаш торы, ағаш жабыны, терезе және есік блоктары, жиһаз, тұрмыстық техника, 100 ш.м. алаңдағы басқа да заттар зақымдалды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта мамандар өрттің пайда болу себебін анықтауда.


Соңғы жаңалықтар