Jańalyqtar
Қарағандыда біреудің шотынан 1 млн теңгеге жуық ақша шешіп алған күдікті ұсталды
2020 жылғы 24 қараша 09:54
Бөлісіңіз:

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда бөтен шоттан 1 млн теңгеге жуық ақша шешіп алған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ұқсас жаңалықтар
Орал тұрғыны өзге елден автокөлік айдап келемін деп 2 млн теңге жымқырған
Дизайнер Сәбит Bisen-ді өлтірді деген күдіктінің соты Алматыда өтеді
Атырау облысында кәсіпкер тегін медқызметтерге бөлінген қаражатты жымқырған
12 қарашада Қарағанды қаласы ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 34 жастағы қала тұрғыны келіп шағым жазған. Ол белгісіз тұлға банкоматтан оның шотынан 970 мың теңге шешіп алғанын хабарлады.
Полиция банкоматқа орнатылған бейнекамераның жазбасын зерттеп, қомақты соманы иемденген азаматты анықтады.
«19 қарашада жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті – 34 жастағы ер адамды ұстады. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Қарағанды облысында жыл басынан бері 107 өрт оқиғасы тіркелді
- Петропавлда үш аялдаманы қиратқандар шығынды өз қалталарынан өтейді
- Түркістандық полицейлер боранда жолда қалған азаматтарға көмек беруде
- Нұр-Сұлтанда карантин режимін бұзушыларды анықтау жалғасуда
-
Қарағанды облысында оқушылары коронавирус жұқтырған 6 мектеп карантинге жабылды
-
Атырауда танысының 2 млн-нан астам теңгесін алдап алған алаяқ сотталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER