Қарағандыда Беларусь азаматы жоғалып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда із-түзсіз жоғалып кеткен Беларусь азаматы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«20.06.1978 жылы туған Беларусь Республикасының тумасы және тұрғыны Кожуров Игорь Анатольевич іздестіріліп жатыр. Ол 28 наурыз күні сағат таңғы 5-те Қарағанды қаласы Олимпийский көшесіндегі мекенжайдан шығып кеткен. Содан бері оның қайда екені белгісіз. Қаланы білмейді, Қарағандыға алғаш рет келген», - деп хабарлады полициядағылар.

Жоғалушының бойы 180 см, шашы ақшыл, көзі көк, денесінде ешқандай тыртығы жоқ. Үстінде қара түсті тоқылған бас киім, қоңыр түсті тон, қара шалбар, ақ түсті кроссовки болған.

Ол туралы қандай да бір ақпарат білетіндердің мына нөмірлерге хабарласуын сұрайды: (8-7212) 42-91-44, 42-92-30, 42-92-82 - Қарағанды облыстық ІІД КПБ Криминалдық іздеу бөлімі немесе 102, 8 701 888 48 01, 8 705 332 43 92.

Соңғы жаңалықтар