Қарағандыда автокөлік өртену жағдайлары жиілеп кетті

None
None
ҚАРАҒАНДА. ҚазАқпарат – Екі апта ішінде Қарағанды облысының аумағында автомобиль көлігінде 14 өрт болды. Жыл басынан бері облыста барлығы 198 көлік өрті тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Автокөліктегі өрттердің негізгі себебі - отын немесе электр жүйесінің ақауы (электр сымдарының қысқа тұйықталуы).

Қысқы уақытта да өрт қатып қалған көліктерді ашық отты қолдану арқылы жылыту кезінде болады.

«Механизмдер мен электр жабдықтарының ақауларымен автокөлік құралдарын ұзақ уақыт бойы пайдалану, әртүрлі қосымша электр жабдықтарын рұқсатсыз пайдалану көбінесе электр жабдықтарының қызып кетуіне, сондай-ақ қысқа тұйықталуына әкеледі. Автокөлік иелеріне көлікке уақытылы техникалық қызмет көрсетуден өту және жөндеу жұмыстарын жүргізу, жарамды өрт сөндіргіш салып жүру ұсынылады», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар өрт сөндірушілер көлікті от шарпыған кезде не істеу керектігін айтты:

- Егер автомобиль жанса, 101 нөміріне қоңырау шалуды ұмытпаңыз;

- Өрт сөндірушілер келгенге дейін өрт сөндіргішті алып, капотты сәл ашып, өрт сөндіргіш затты капот астындағы кеңістікке бағыттаңыз;

- Сондай-ақ өртті сөндіру үшін құм мен жерді пайдалануға болады.


Соңғы жаңалықтар