Қарағандыда асхана өртеніп, 40-тан астам маман тілсіз жаумен күресті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Бүгін түнде Қарағандыда асхананы от шарпыды. Тілсіз жаумен күреске өртке қарсы қызметтің 42 маманы және 10 арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

20 қаңтар күні сағат 01:58-де «101» пультіне Қарағанды қаласындағы «Эльбрус» асханасының жеке тұрған бір қабатты ғимаратында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

«Өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте жалпы ауданы 200 ш.м. шатырдың, жабынның және жиһаздың ағаш торлары жанып, кейіннен жабынның ішінара құлауы орын алды. Өрт сөндіруші-құтқарушылар өртенген ғимараттан 2 газ баллонын алып шықты. Сағат 03:15-те өрт толық сөндірілді», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала болжам бойынша, өрттің себебі ашық от көзі болған.

Оқиға орнында Қарағанды облысы ТЖД жеке құрамынан 42 адам және 10 бірлік техника жұмыс істеді.

Өткен тәулікте Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері 10 рет жолға шықты, онда 2 адам құтқарылды, оның ішінде 1 бала және 11 адам, оның ішінде 5 бала эвакуацияланды.


Соңғы жаңалықтар