+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Қарағандыда Әлихан Бөкейханның 15 томдық шығармалар жинағы жарық көрді

2016 жылғы 8 желтоқсан 19:45
Бөлісіңіз:
Қарағандыда Әлихан Бөкейханның 15 томдық шығармалар жинағы жарық көрді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда «Әлихан Бөкейхан және Қазақстан тәуелсіздігінің тарихи негізі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Әлихан Бөкейхан - шындығында біртуар саяси тұлға. Әлихан Бөкейханның 150-жылдық мерейтойы тек Қазақстанда емес, сондай-ақ Түркия, Ресей және басқа елдерде тойлануда. Бұл оның қазақ халқының алдындағы тарихи еңбегін айқындайды, - деді Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков конференцияның ашылуында.

«Жыл бойы облыстың барлық аудандарында тарихи тұлғаның 150 жылдық мерейтойы ғылыми-тәжірибелік конференциялар, мәдени шаралар ретінде өткізілді. Оның туған өлкесі саналатын Ақтоғай ауданында «Алаш» қозғалысы жетекшісінің ескерткіші орнатылды. Ескерткіш орнату Қарағандыда да жоспарлануда»,-деді ол.

Өңір басшысы Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей, Украина, Қырғызстан елдерінен келген конференция қатысушыларына алғыс айтты.
«Ә.Бөкейхан шығармалар жинағы» атты «Алаш» қозғалысының көшбасшысының 15 томдық шығармалар жинағы шығарылып, тұсауы кесілді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT