Қарағандыда 400 орындық жаңа балабақша ашылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының «Кең дала» мөлтек ауданында 400 баланы қабылдауға қауқарлы «Шаңырақ» мемлекеттік балабақшасының іргесі қаланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында 400 балаға арналған балабақшаның есігі айқара ашылды. Балабақша қабырғасында өнегелі әрі эстетикалық тәрбиемен сусындаған болашақ ұрпағымыз мектепке дайындалады», - деді Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков мектепке дейінгі мекеменің ашылу салтанатында.


Ол ашылу салтанатының «Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 тірегі» 25 жұлдызды күн жалпыұлттық акциясының Отбасы құндылығы күніне тура келгенін атап өтті. «Қазіргі таңда балабақшалар тек бюджет есебінен ғана емес, кәсіпкерлердің атсалысуымен де тұрғызылуда. Осы мерзімде облыста 27 жеке балалар бақшасы салынды. 2020 жылға қарай балаларды мектепке дейінгі мекемелермен толықтай қамтамасыз етеміз деген Мемлекет басшысының тапсырмасын орындайтынымызға сенімдімін», - деді өңір басшысы.


Н.Әбдібеков мектепке дейінгі мекемеге теледидар мен электронды пианино сыйға тарту етті. Балабақшаның ашылуы 80-нен астап адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Тәрбие ошағында балалардың ойдағыдай тәлім алуларына барлық жағдайлар жасалынған. Сондай-ақ, «Шаңырақ» мемлекеттік балабақшасында ата-аналармен шұғылдануға арналған «Анамның мектебі» орталығы ашылды.
 

Соңғы жаңалықтар