+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Қарағанды университетінің әскери кафедрасында танк тренажері іске қосылды

2020 жылғы 25 қаңтар 04:19
Бөлісіңіз:
Қарағанды университетінің әскери кафедрасында танк тренажері іске қосылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда Т-72 танкісінің механик-жүргізушілерін дайындауға арналған бірегей тренажер жасалды. Оны Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің әскери кафедрасының қызметкерлері әзірлеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Курсанттар онда әскери машиналарды басқару дағдысын пысықтай алады.

«Көрнекілік үшін жүргізуші-механиктің орны бөлек тұрғыда көрсетілген. Тренажердің көмегімен қозғалтқышты әртүрлі тәсілдермен дайындау және іске қосу, жүргізу элементтері, сондай-ақ моторесурстардың шығынсыз жасанды және табиғи кедергілерден өту пысықталады. Сонымен қатар, тренажер курсантқа құралдардың осы танкте орналасуын тез үйренуге мүмкіндік береді», - деді әскери кафедра бастығының орынбасары запастағы полковник Асқар Сатылханов.

Т-72 Қазақстан армиясының құрамына енгізілген. Тренажер механик-жүргізуші орны әскери көліктің параметрлеріне ұқсас.

«Біз басқару органдарын, қосалқы механизмдерді, аспаптарды орналастыру сызбаларын әзірлеп, жасадық. Бұл тренажердің қосымша артықшылығы оның мобильділігі болып табылады, яғни оны бір орыннан екінші орынға жылжытуға болады», - деп атап өтті әскери кафедраның аға инженері запастағы полковник Игорь Тюнин.

ҚарМТУ әскері кафедрасы қызмет етіп келе жатқан 66 жыл ішінде онда 20 мыңнан астам офицерлер мен запастағы сержанттар тәлім алған. Көптеген түлектер ҚР Қарулы күштерінде және басқа да ведомстволарында қызмет атқарады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT