Қарағанды тұрғыны киелі Ұлытауға жаяу аттанды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылық продюсер Асхат Қажытай Ұлт ұясы - Ұлытауға дейін жаяу марафонға аттанды. 12 күн ішінде ол 777 шақырымды еңсеруге ниетті. Саяхатшы Ұлытау ауданында «Қайырымды километр» қайырымдылық акциясын өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Асхат Қажытай өзінің «Жаяу» жорығын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнайды. Жол бойы ол әлеуметтік желілерде Сарыарқаның көрікті жерлері мен киелі нысандары туралы әңгімелейді. Осылайша ол қызықты орындар мен адамдарға көпшіліктің назарын аударғысы келеді. Марафон аяқталғаннан кейін өзінің саяхаты туралы бейне есеп шығаруға ниетті.

«Бұл менің алғашқы жаяу марафоным емес. Өткен жылы мен өз командаммен бірге Қарағандыдан Ақсоранға дейінгі 333 шақырымды жүріп өттім. Бақытымызға орай, бізде қонақжай адамдар жетерлік. Біз әрқашан түнейтін орын тауып отырдық. Бұл жолы мен Ұлытауды таңдадым, себебі ол өзінің туристік әлеуетімен бірегей», – деп атап өтті Асхат Қажытай.



Соңғы жаңалықтар