Қарағанды тұрғыны бұрынғы сүйіктісіне 20 жерден пышақ салған

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылық полицейлер бұрынғы сүйіктісіне 20 рет пышақ салған ер адамды іздестіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«10 қазан күні, сағат шамамен 22.59-да 28 жастағы әйел пышақ жарақатымен облыстық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Аталмыш дерек тіркелді», - деп мәлім етті Қарағанды облысы Полиция департаментінен.

Алдын ала болжам бойынша, әйел 23 жастағы жігітпен екеуара жанжал кезінде жарақат алған.

«Науқас ауруханаға аяқтары және арқасына тиген көптеген пышақ жарақаттарымен түсті. Қазір жағдайы бір қалыпты», - деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан.

Бұл қылмысқа оның бұрынғы жігіті барды деген болжам бар. ЖБИ шағын ауданында ол зардап шеккен әйелге келіп, әңгімелесуге шақырып алған. Кейін бірнеше жерінен пышақ салған. Қазіргі таңда қала тұрғынын ұстау бойынша шаралар қабылдануда.

Әзірге күдіктінің орналасқан жері анықталмаған.


Соңғы жаңалықтар