Қарағанды полицейлері ер адамның мәйітін тапты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандылық полицейлер қаладағы пәтерлердің бірінде ер адамның мәйітін тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мереке күндері Қарағанды қаласының Октябрь ауданындағы пәтерлердің бірінде зорлықпен өлтірілген 32 жастағы қала тұрғынының мәйіті табылды.

​Аталған жайтқа байланысты ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша іс қозғалды.

«Полиция қызметкерлерімен жүргізілген іс-шаралар барысында 37 жастағы қала тұрғыны анықталып, жанжал барысында жәбірленушіге дене жарақатын келтіргені белгілі болды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Ұсталған азаматша уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.



Соңғы жаңалықтар