Қарағанды облысының Жәйрем кентінде байқалған ерекше бұлттар жұрттың үрейін тудырды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Жәйрем кентінің маңында түзілген ерекше бұлттар жұрт арасында дүрбелең тудырды. Әлеуметтік желіде пайда болған видеоның астында пайдаланушылар «белгісіз біреулер вирус шашып жатыр» деген пікірлер қалдыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жұрттың үрейін тудырған бейнетүсірілім бүгін әлеуметтік желілер арқылы тарады. Кейбіржелі қолданушылар оны біреулер вирусты тұрғын үйлердің үстінен шашып жатыр деп болжам жасап та үлгерген.

Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Бұл төтенше жағдай емес, аталған құбылыс жөнінде Қазгидромет мамандары түсініктеме берді. Таңғы глория-бұл сирек кездесетін метеорологиялық құбылыс, ол көлденең бұралған бұлттар түрінде көрінеді. Бұлттар биіктігі 1-ден 2 км-ге дейінгі найзағайлы жиекті құрап, көбінесе жерден 100-200 метр биіктікте (бірақ әдетте жоғары) орналасады. Оның ұзындығы 1000 км-ге дейін жетіп, сағатына 60 км жылдамдықпен қозғалады. «Таңғы глория» көбіне қатты жел және жер бетіндегі қысымның өзгеруінен пайда болады Бұлттың алдында оған белгілі бір пішін беретін жылдам вертикальді қозғалыс пайда болады. Көбіне бұл құбылыс найзағай басталғанға дейін пайда болады», - деп жазды Facebook-тегі өз парақшасында Қарағанды облыстық әкімдігінің баспасөз хатшысы Марина Шаповалова.

Бейнекөріністің астына кейбіреулер «белгісіз адамдар вирус шашып жатыр» деп жазба қалдырған. Басқалары, керісінше, «бұл коронавируспен күресетін белгісіз зат» дейді.

Бұл вирустың таралуы емес, табиғаттың сирек кездесетін құбылысы екенін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» РМК де растады.

«Қарағанды облысы Жәйрем кенті тұрғындарының видеосы бойынша түсірілген құбылыс орама бұлты (volutus) екенін хабарлаймыз. Орама бұлттар өз осін айналып жүргендей әсер қалдыратын түтік тәрізді ұзын, әдетте төмен орналасатын, көлденең бұлт массасы. Орама бұлттар басқа бұлттарға қосылмаған солитон және Жер атмосферасындағы толқындардың бұзылуының мысалы болып табылады. Бұл түр негізінен қабатты кумулонимбусқа және сирек жағдайларда жоғары сәулелі бұлттарға тән. Мұндай бұлттар суық ауаның суық ауа ағындарынан шығуы нәтижесінде пайда болады. Өте сирек кездесетін, бірақ бұлттардың ерекше түрлерінің бірі», - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Соңғы жаңалықтар