Қарағанды облысының тұрғыны жолда босанып қалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Ақтоғай ауданының ауылдық фельдшері боранды күні жол үстінде толғағы қысқан келіншекті босандырып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

28 қаңтар күні Ақтоғай ауылынан Балқашқа барар жолда аудандық фельдшерге жедел жәрдем көлігінде бір әйелге көмек көрсетіп, босандырып алуға тура келді.

«Нарманбет елді мекенінің маңында фельшер Ысқақова Баян Мұратқызы жедел жәрдем көлігінің ішінде ауыл тұрғынын босандырып алды. Оған үлкен рахмет. Біз ауылды мекендерімізде осындай өз ісінің білікті мамандары бар екенін мақтан тұтамыз», - деп хабарлайды Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Дүниеге салмағы 2370 грамм және бойы 47 см ұл бала келді.


Соңғы жаңалықтар