Қарағанды облысының тұрғыны интернетте заңсыз дәрі сатып келген

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының тәртіп сақшылары интернет арқылы дәрілік препараттарды заңсыз сату фактісін анықтады. Тергеу барысында жедел уәкілдер Балқаш қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

5 шілде күні Балқаш қалалық полиция бөлімі есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында дәрі-дәрмектерді заңсыз сату фактісін анықтаған. Хабарландыруларға сәйкес, парақшаның авторы «Антарис» дәрілік препаратын сатумен айналысқан. Бұл препарат қант диабетімен ауыратын адамдарды емдеуге арналған. Белгілі болғандай, дәрі-дәрмектерге лицензия болмаған және олар дәрігердің рецептісіз сатылып келген.

«Сатушы Балқаш қаласының 49 жастағы тұрғыны болып шықты. Полиция қызметкерлері оның интернет арқылы «Антаристың» 6 қаптамасын (180 таблеткасын) сатып үлгергенін анықтады», - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Аталған факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал ҚР ӘҚБК 424-бабы «Заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызмет» бойынша әкімшілік сотқа қарауға жіберілді.


Соңғы жаңалықтар