Қарағанды облысының Саяқ ауылында 20 км апаттық су құбыры ауыстырылды

None
None
БАЛҚАШ. ҚазАқпарат – Балқаш қаласының Саяқ кентінде 20 шақырымға жуық су құбыры ауыстырылды. Құбыр 80% тозған. Осыған байланысты апаттар жиі орын алып, жергілікті тұрғындардың үйлеріне су тұрақсыз беріліп отырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі жыл бұрын бұл мәселе біртіндеп шешіле бастады. Билік су таратқыштың тозған учаскелерін жөндеуге ақша бөлді. Осы уақыт ішінде 160 шақырым құбырдың 20 шақырымы ауыстырылды.

«Саяқ кентінің тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету ерекше бақылауда тұрған мәселе болып қала береді. Бір ай бұрын Тоқырау–Саяқ су таратқышының апатты учаскелерін ағымдағы жөндеу басталды. Ұзындығы 3,2 шақырым құбырларды ауыстыру үшін «Аймад» компаниясы» ЖШС-мен шарт жасалды. Мердігер ұйым жұмысын аяқтап жатыр, жоспарланған учаскеде соңғы 500 метрді ауыстыру қалды. Алдағы аптада жұмыс аяқталып, 10 тамыздан бастап жаңа учаскені қайта қосу басталады», – деп атап өтті Балқаш әкімдігінде.

Жақын арада тағы 7,4 шақырым құбыр желісіне ағымдағы жөндеу жүргізу қажет. Су таратқыштың апатты учаскелерін ауыстыру жұмыстары жалғасатын болады.

«Бұл жұмыстарды орындау апатты жағдайды 7-10%-ға төмендетуге, сондай-ақ Саяқ кентінде күнделікті су беруді тұрақтандыруға мүмкіндік береді», – деп қосты Балқаш әкімдігінде.


Соңғы жаңалықтар