Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында көпбалалы отбасылар баспаналы болды

None
None
СӘТБАЕВ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында жеке инвестор есебінен салынған жаңа үйдің пәтер кілттері табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

60 пәтердің 22-сі көпбалалы отбасыға берілді. Көптен күткен баспанаға ие болғандардың қуанышы Елорда күнімен тұспа-тұс келді.

«Әлеуметтік қорғау санатына жататын тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету басым міндет болып табылады. Бұл ретте көпбалалы отбасыларға ерекше көңіл аударылады. Өткен жылы қалада 51 көпбалалы отбасы пәтер кілттерін алған болатын. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда», - деп атап өтті Сәтбаев қаласының әкімі Асқар Ыдырысов.

Қоныс тойын тойлаушылар көрсеткен қамқорлығы үшін мемлекетке алғыс білдірді.


Соңғы жаңалықтар