Қарағанды облысының Нұра ауданындағы ауылда жаңа дәрігерлік амбулатория ашылады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Нұра ауданының Шахтёрское ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ғимарат толығымен салынды. Қазір аумақты абаттандыру жасалып жатыр. Ауыл тұрғындары үшін қажетті әлеуметтік нысан тамыз айында ашылады.

«Шахтёрское ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталу сатысында. Жұмыс 99%-ға орындалды. Аумақты абаттандыру және техникалық қадағалау ескертуі бойынша ұсақ кемшіліктерді жою ғана қалды. Менің ойымша, жаңа әлеуметтік нысан ауыл тұрғындары үшін ҚР Конституция күніне орай тамаша сыйлық болады. Қазір коронавирус инфекциясы пандемиясы кезінде денсаулық сақтау саласын дамыту өте маңызды», - деді «Аспап» ӨК төрағасы Төлеген Әшімов.


Ол облыста осы мәселеге көп көңіл бөлінуін атап өтті. Соңғы жылдары тек осы кооператив ауылдарда жеті дәрігерлік амбулатория салып берген.

Шахтёрское ауылының әкімі Еркін Оспановтың айтуынша тұрғындарға медициналық көмекті жақсарту қажеттілігі туралы мәселе есеп беру кездесуінде көтерілген.

Жұмыс істеп тұрған дәрігерлік амбулатория ғимараты шамамен 20 жыл бұрын «Шахтёрское» ЖШС ауыл шаруашылық кәсіпорнының қаражатына салынған. Ғимарат ескірген және тарлық етеді.


Ауылда мыңнан астам адам тұрады. Жаңа амбулаторияның әр ауысымына 20 адама келеді деп есептелген. Медициналық мекеме қажетті жабдықпен қамтамасыз етіледі. Гинеколог және стоматолог кабинеттері қарастырылған. Жаңа ғимаратта мүмкіндігі шектеулі адамдардың мүддесі де ескерілген, мүгедек арбасымен келіп-кетуге жағдай жасалған.

Ғимарат жанында ағаш пен бұта отырғызылды. Келушілерге қолайлы ү болу үшін орындығы бар қолайлы демалыс аймағы қарастырылған.

Жаңа құрылыс қазіргі дәрігерлік амбулаторияға қарсы орналасқан. Мамандар жұмыс барысын қадағалауда.


«Әрине, ашылуын күтіп отырмыз. Көшуге дайындалып жатырмыз. Кең және қолайлы ғимаратта жұмыс істеу кімге ұнамасын. Бізге жаңа амбулаторияда күндізгі стационар ұйымдастырылатынына уәде берді. Бұл біздің емделушілерге қажет. Сонымен бірге, штат ұлғаяды және мамандарды тарту мүмкіндігі пайда болады», - деді «Ауылға – дипломмен!» бағдарламасы бойынша елордадан Шахтёрское ауылына келген дәрігерлік амбулаторияның медбикесі Айнұр Қайырбек.



Соңғы жаңалықтар