Қарағанды облысының фермерлері ауыл тұрғындарына шөп таратты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Игі істер марафонын Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының фермерлері бастады. Олар ауылдың мұқтаж тұрғындарына шөп таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр» және «Нұршат» шаруа қожалықтары басшыларының бастамасы арқасында Абай және Қарамеңде би ауылдық округтерінен 7 отбасы орамдар мен түктерде шөп алды.

«Әртүрлі жағдайларға байланысты мал азығының қажетті мөлшерін жинап үлгермеген мұқтаж отбасыларға, қарт адамдарға көмек көрсетілді. Абай ауылдық округінде 5 отбасына жүз орам шөп берілді. Қарамеңде би ауылдық округінде екі отбасы төрт орамнан алды», - деді Ақтоғай ауданы әкімдігінде.

Тағы бір отбасына мал азығын арзан бағамен сатып алуға көмек көрсетілді. Фермерлер олардың бастамасына өзге шаруа қожалықтарының басшылары да қосылады деген үмітте.


Соңғы жаңалықтар