Қарағанды облысының Доскей ауылында 39 отбасы баспаналы болды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Бұқар жырау ауданының Доскей ауылында 39 отбасы қоныс тойын тойлауда. Пәтер кілті кезекте тұрғандарға берілді. Оның арасында жетім балалар мен көпбалалы отбасылар бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауылда бос қалған бірнеше бес қабатты үй бар. Өткен жылы оның біреуі қалпына келтірілді.

Үй коммуналдық меншікке берілді, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша модульдік қазандық салынды.

Енді көпқабатты үйлер орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылған.

Мұнда әрқайсының қуаты 1,5 МВт болатын екі қазандық бар. Бұл бес үйді жылытуға жеткілікті.

Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары Сапар Сатаевтың айтуынша, уақыт өте келе қираған бес қабатты үйлердің барлығы қалпына келтіріледі.

Сондай-ақ, барлық үйлер жылытуға қосылуы үшін тағы бір қазандық орнату жоспарлануда.

«Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша қазір қалған үйлерге жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Биыл үш үйді қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз. Барлық тоғыз үйге абаттандыру, асфальттау және инженерлік коммуникацияларға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейміз. Әр аулада заманауи алаң мен жарық болады», - деді Сапар Сатаев.


Соңғы жаңалықтар