Қарағанды облысының бірнеше кентінде ТЖ режимі сақталуда

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының бірнеше ауылында Төтенше жағдай режимі сақталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осакаров ауданының бірнеше кентінде ТЖ режимі 2020 жылдың 17 қаңтарынан бастап енгізілген болатын. Осы шешімді жергілікті билік қардың шектен тыс жаууына байланысты қабылдады. Қалың қар жолдардың жабылуына алып келді, нәтижесінде ондаған автокөлік жүргізушілері, жүк көліктері, жолаушылар аудан кенттерінде орналастылырған. Жарияланған төтенше жағдай режимі адамдарды тамақпен, жылы заттармен қамтамасыз етіп, жылындыру мақсатында енгізілген.

«Қазіргі уақытта ТЖ режимі осыған дейін жарияланған Сарыөзек, Қарағайлы, Сұңқар, Пионер, Озерный, Николаев, Тельман, Құндызды ауылдық округтері, сондай-ақ Осакаров және Молодежный кенттері сияқты елді мекендерде әлі де сақталуда», - деді Осакаров ауданының әкімінің баспасөз қызметі.

Төтенше жағдай режимі тек аталған кенттер мен ауылдық округтерде ғана қарастырылуда. Қалған елді мекендерге ТЖ режимі қолданылмайды.


Соңғы жаңалықтар