Қарағанды облысының ауданында «Димпломмен – ауылға» барған 341 маман үйлі болды

None
None
ОСАКАРОВ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Осакаров ауданында жыл басынан «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша 20 маман бірреттік көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттен 33 несие алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Бүгінде ауданда кадр тапшылығы мәселесі өткір тұр. Жұмысшы мамандықтарынан басқа білікті дәрігерлер мен мұғалімдер жетіспейді. Бұл проблеманы шешуге мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мүмкіндік береді. Олардың бірі – «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы педагогтарға, дәрігерлерге, мәдениет және спорт қызметкерлеріне жақсы демеу болып табылады. Жастарды жұмыспен қамтамасыз ете отырып, мемлекет те әлеуметтік қолдау көрсетеді.

Людмила Белоусова оқуды бітіргеннен кейін бірден Осакаров ауданына келді. Аудандық орталық аурухананың жансақтау бөліміне медбике болып жұмысқа орналасты.

«Биыл «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының арқасында тұрғын үй сатып алуға көтерме жәрдемақы және несие алдым. Қолайлы үй тауып, сатып алдым. Жақында менің отбасым қоныс тойын тойлады. Жас мамандар үшін мұндай бағдарламалар көбірек болса жақсы болар еді, өйткені бұл мемлекеттен айтарлықтай қолдау. Шынымды айтсам, мен өз үйіме ақша таба алмас едім», – дейді Людмила.

Осакаров кентінің №1 тірек мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Мұратбек Айғанат Нұр-Сұлтанда білім алды. Ол да «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын пайдаланды. Жәрдемақы алғаннан кейін жеңілдетілген несиеге өтініш беруге шешім қабылдаған. Мұратбек Айғанат қазір бақытты үй иесі.

«Жас мамандарды қолдаудың осындай бағдарламасы бар екеніне қуаныштымын. Менің жақсы жұмысым, тамаша ұжымым, ал қазір өз үйім бар. Мен ол жерге ата-анаммен бірге көшіп келдім», – дейді Мұратбек Айғанат.

2009–2021 жылдар аралығында Осакаров ауданында «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша 590 адам жұмыспен қамтылды. Көтерме жәрдемақыдан басқа, 341 жас маман тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие алды.




Соңғы жаңалықтар