Қарағанды облысының 8 ауданында мектептердегі сабақ тоқтатылды
2022 жылғы 17 қаңтар 08:53

Қарағанды облысының 8 ауданында мектептердегі сабақ тоқтатылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды облысының сегіз ауданы мен қаласындағы мектептерде сабақ тоқтатылды. Оқушыларға арналған сабақтар қашықтан өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Білім басқармасының мәліметінше, 17 қаңтар күні сағат 07:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ) 8 өңірде 0-11 сынып оқушыларының бірінші және екінші ауысымына арналған сабақтар қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

Аталмыш форматқа Абай және Жаңаарқа аудандарының, Балқаш, Қарағанды, Қаражал, Саран, Теміртау, Шахтинск қалаларының мектеп оқушылары көшті. Ақтоғай ауданының мектебінде «Н.Әбдіров атындағы ЖББМ» КММ бірінші және екінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушыларына арналған сабақтар қашықтан оқыту форматына көшеді.

Бұқар жырау ауданында осындай форматтағы сабақтар ауданның 14 мектебінде өтеді. Қарқаралы ауданында қашықтан оқуға «№1 ЖББМ» КММ мектебі ауысты. Қарқаралы қаласының «Академик О.Жәутіков атындағы №2 ЖББМ» КММ және Қарқаралы қаласының Ә. Ермеков атындағы мектебінің оқушылары сабақты үйінен оқиды.

Нұра ауданында «Ш.Уәлиханов атындағы ЖББМ», «М. Жұмабаев атындағы ЖББМ», Ы. Алтынсарин атындағы мектепте сабақ қашықтан өтеді. Осакаров ауданында бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары үшін №1,12,9,23,26,15,28, 32,25,24,13 ОМ мектептеріндегі сабақтар қашықтан оқыту форматына көшеді.


Jańalyqtar

MURAǴAT