+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Қарағанды облысының 5 қаласында қандай шектеулер қойылады

2020 жылғы 29 наурыз 19:02
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысының 5 қаласында қандай шектеулер қойылады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының карантинге жабылатын 5 қаласында бірқатар шектеу қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шектеу 30 наурыз 00.00 сағаттан бастап, яғни жексенбі түнде енгізіледі.

Осы күннен бастап аталған бес қаланың тұрғындарына отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан астам топпен жиналуға тыйым салынады. Азық-түлік, дәрі-дәрмек, банк қызметтерін сатып алуды және жұмысқа бару қажеттілігін қоспағанда, азаматтардың үйден шығуына шектеу қойылады.

65 жастан асқан адамдарға далаға шығуға болмайды.

Кәмелетке толмағандарға ересектерсіз үйден шығуға тыйым салынады.

Ерекше өкімге дейін барлық қоғамдық орындар жабылатын болады. Ол - саябақтар, гүлзарлар, балалардың ойын және спорт алаңдары. Бизнес-орталықтар 10.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс істейді.

Дәмханалар мен мейрамханалар жеткізу режимінде ғана жұмыс істей алады.

Барлық азық-түлік емес дүкендер, жеке меншік және мемлекеттік балабақшалар, сұлулық салондары, қоғамдық моншалар, сауналар, букмекерлік кеңселер және басқа да қызмет көрсету мекемелері жұмысын тоқтатады.

Карантиндік қалалар арасындағы көлік қатынасы әзірге тоқтатылған жоқ. Қозғалыс 2020 жылғы 2 сәуірде 00.00-ден бастап шектеледі.

Сондай-ақ, авто және теміржол вокзалдарының, әуежайдың (арнайы рейстер шектелмейді) жұмысы уақытша тоқтатылып, қоғамдық көліктің жұмысы шектелетінін және карантиндік аймақтың толық қоршалуы қамтамасыз етіледі.

Еңбек көші-қоны мәселелері жергілікті әкімдіктермен және жұмыс берушілермен бірлесіп шешілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, бүған дейін Қарағанды облысының бірқатар қаласы карантинге жабылатындығы туралы хабарлаған болатынбыз .


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT