Қарағанды облысындағы мұражайда тастан жасалған аяқ киім сақталған

None
None
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Осакаров ауданының мұражайында тас аяқ киім сақталған. Аяқ киімді жергілікті тұрғындардың бірі жер аударылғандар тұрған үйді қазған кезде тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысының Осакаров ауданында жаппай саяси қуғын-сүргін кезінде бірқатар кенттер пайда болған. 1952 жылы №4 арнайы кенті Центральное ауылы болып өзгертілді. Бұл кенттерде жер аударылған азаматтардың туыстары әлі де тұрып жатыр. Олардың жергілікті тарихты ерекеше дәріптеуі жерлестеріміз үшін мақтаныш сезімін тудырады.

Центральное ауылы тек домбыра жасаған музыка шеберханасымен ғана емес, сонымен бірге өз мұражайымен де танымал. Аталған тарихи заттар жалпы білім беретін мектеп қабырғасында орналасқан және көптеген қызықты артефактілері бар. Бұл заттардың барлығы бір кездері ауылдың негізін қалаушыларға тиесілі болған. Мұнда неміс тілінде 1890 жылы жарық көрген Киелі кітап, тұрмыстық заттар, сондай-ақ ауылдастардың, майдангерлердің, жауынгер-интернационалистердің жеке заттары сақталған. Бірақ ең

таңғажайып жәдігер - Күл қыздың аяқ киіміне ұқсас тас туфли.

Мұражай қызметкерінің айтуынша, ол мұражайға кездейсоқ әкелінген. Ауыл тұрғындары ескі үйдің орнын қазу кезіеде осы аяқ киімді тауып алған. Ол қайдан пайда болды және қанша жыл бұрын жасалғаны белгісіз. Мүмкін, туфлиді өздерімен бірге жер аударылғандар алып келген деген де болжам бар.


Соңғы жаңалықтар