Қарағанды облысындағы «Екатеринбург-Алматы» тасжолы жабылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысындағы «Нұр-Сұлтан-Петропавл» тасжолы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

«5 наурыз сағат 06:00-дегі жағдай бойынша, Ақмола облысындағы «Нұр-Сұлтан-Петропавл» тасжолының 18-231 шақырымында нақтырақ айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласы мен Щучинск қалалары арасындағы жол бөлігі ашық»,-делінген хабарламада.

Ал Қарағанда облысындағы «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 1492-1854 шақырым, нақтырақ айтқанда Караганда мен Балқаш қалаларының аралығындағы жол бөлігі ауа райына байланысты (бұрқасын, жолдың көрінбеуі) 5 наурыз сағат түнгі 03:15-тен бастап барлық көлік түрлері үшін жабық.


Соңғы жаңалықтар