Қарағанды облысында жолды қардан тазартпаған компанияларға айыппұл салынуы мүмкін

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы бойынша полиция департаментінің қызметкерлері жолдарды дер кезінде қардан тазартпаған компаниялардың 12 уәкілетті тұлғаларын әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы қыс қардың мөлшерден көп жауумен, күшті желмен және борандардың жиі болуымен ерекшеленді. Салдарынан Қарағанды облысының автожолдары жиі жабылып отырды, оның ішінде республикалық маңызы бар «Екатеринбург-Алматы» автожолында Теміртау қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін көлік қозғалысы жиі тоқтатылды.

Сонымен қатар, аталмыш жол иесі «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ ҚОФ, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ «Ақылы жол дирекциясы» және «Казахавтодор» ЖШС ҚОФ мердігерлік ұйымы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген ережелерін орындай алмайтынын атап өту қажет. Атап айтқанда, жоғарыда аталған компаниялар ауа райы жақсарғаннан кейін жол жүру бөлігін қардан толық тазартуды қамтамасыз етпеген, бұл жерлерде әлі күнге дейін қар үйінділері жатыр.

«Биылғы жылдың басынан бастап Қарағанды облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері Қарағанды қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі автожол учаскесінде 27 тексеріс жүргізді. Олардың нәтижесі бойынша жол иесі «ҚазАвтоЖол« ҰК АҚ ҚОФ, «Қазавтожол« ҰК АҚ «Ақылы жол дирекциясы« және «Казахавтодор« ЖШС ҚОФ мердігерлік ұйымының атына аталмыш автожолдардағы кемшіліктерді жою үшін 12 ұйғарым берілді. Бұл ретте жоғарыда аталған ұйымның 12 уәкілетті тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Әкімшілік полиция компанияға аталған проблемалар жайлы бірнеше рет ескерту жасаған. Сонымен қатар тәртіп сақшылары олардың атына пәрменді шаралар қабылдау бойынша ұсыныстары бар 3 ақпарат жіберген.

«Ағымдағы жылдың 25 ақпанында облыстың ӘПБ қызметкерлері бұрын енгізілген нұсқаманы тиісті дәрежеде орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК - нің 462-бабының 3-ші бөлігі бойынша «Казахавтодор« ЖШС Қарағанды облыстық филиалы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның санкциясы 500 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған», - деп түсіндірді департаменттің баспасөз қызметінде.

Қарағанды облысы ПД әкімшілік полиция қызметкерлері облыстың автожолдарындағы жағдайға тәулік бойы мониторинг жүргізеді, сондай-ақ жол-коммуналдық органдардың жұмысын үйлестіреді.

Үздіксіз және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету бойынша жұмыс облыстың ПД басшылығының тұрақты және ерекше бақылауында.


Соңғы жаңалықтар