Қарағанды облысында жол апатынан бір адам көз жұмды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Осакаровке кентінің маңында жеңіл көлік «Газельмен» соқтығысып, жол апаты салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 14 қараша күні сағат 02:40 шамасында «Нұр-Сұлтан - Қарағанды» тасжолында, Осакаров кентінен 20 шақырым жерде болған. Алдын ала болжам бойынша, Теміртау қаласына бағыт алған 33 жастағы «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі ара қашықтықты сақтамай, сол бағытта кетіп бара жатқан 33 жастағы азамат тізгіндеген «Газель» автокөлігімен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Тойота» автокөлігінің 39 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмса, 23 жастағы жолаушы әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды», - деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.

Аталаған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қарағанды облыстық полиция департаменті көлік жүргізушілерге жылдамдықты сақтап, жол жүру ережелерін бұзбауға шақырады.

Соңғы жаңалықтар