Қарағанды облысында жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында онлайн форматта өңір басшысы Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Кеңес барысында жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету және өңірдің жастар ресурстық орталықтарының қызметі мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде облыста 8 мыңға жуық жас тұрғын үй кезегінде тұр.

«Тұрғын үй алуға кезекте тұрған жастардың жалпы санынан көпшілігі жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатына жатады. Олар үшін облыс әкімінің тапсырмасы бойынша 2020–2022 жылдарға арналған тұрғын үймен қамтамасыз етудің Кешенді жоспары әзірленді. Бірінші жартыжылдықта 72 пәтер берілді», – деді жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Біржан Әлімжанов.

Сондай-ақ, отырыста жас мамандар үшін қолжетімді ипотека туралы мәселе көтерілді. Қазір жұмыс критерийлерін анықтау үшін «Отбасы банкпен» келіссөздер жүргізілуде.

«Жастар ипотекасы» өңірлік бағдарламасы жас қарағандылықтарды қолдаудың маңызды құралына айналады. Өкілдері жеңілдетілген ипотекалық несиелендіруге үміттене алатын мамандықтар тізімін мұқият қарастыруды тапсырамын», – деді Жеңіс Қасымбек.




Соңғы жаңалықтар