Қарағанды облысында үздік полицейлер марапатталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Полиция департаменті кәсіби мереке құрметіне үздік қызметкерлерді марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сондай-ақ ПД ішкі істер органдарының ардагеріне және қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полицейдің анасына сыйлықтар табыс етті..

«Қазақстандық полиция қызмет еткен уақыт ішінде біз қылмыспен және құқық бұзушылықпен күресте айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Бірақ кейде олар бізге қымбатқа түседі – әріптестеріміз құрбан болады. Бүгін өзінің қызметтік борышын соңына дейін орындап, антқа адал болғандарды еске алмау мүмкін емес. Қарағанды полициясының 31 қызметкері біздің жүрегімізде мәңгі қалады және ерліктің, батылдық пен ар-намыстың жарқын үлгісі болып қала береді», – деді облыстық ПД бастығы Ерлан Файзуллин.

Шараға қатысушылар қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Одан кейін Ерлан Файзуллин ҚР ІІМ рәміздері бейнеленген сағаттарды, сыйлықтар мен гүлдерді қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан Александр Истоминнің анасы Валентина Истоминаға, сондай-ақ ішкі істер органдарының ардагері, отставкадағы полиция подполковнигі Тілеухан Алпысбаевқа табыс етті.



Қарағанды облысы ІІББ жедел әрекет ету ротасының полиция сержанты Александр Истомин 2000 жылғы 26 қазанда ерлікпен қаза болды. Ол қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді ұстау операциясына қатысты. Қарулы қылмыскерлермен бетпе-бет шығып, оқ жарақатын алды.

Төлеухан Алпысбаев құқық қорғау органдарына 1976 жылы қызметке орналасты. 2000 жылға дейін әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Саран қаласының ішкі істер органында оны тәжірибелі тәлімгер және кәсіби маман ретінде әлі күнге дейін еске алады.


Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін көзге түскен ішкі істер органдарының қызметкерлері мерзімінен бұрын шендер, төсбелгілер, құрмет грамоталар, алғыс хаттар мен ҚР ІІМ рәміздері бар қол сағаттар алды.

«Әріптестерімді, ардагерлерді, қонақтарды Полиция күнімен құттықтаймын. Бүгін сіздер ең жылы лебіздерге лайықсыздар. Бізге қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуде ерекше рөл берілген, сондықтан біз осы сенімді ақтауға, өз халқымызға адал қызмет етуге тиіспіз. Қылмысқа қарсы күрестің алдыңғы шебінде полиция қызметкерлері күнделікті өмірлері мен денсаулығына қауіп төндіреді. Тек жақсы дайындалған және жабдықталған полицей ғана қойылған міндеттерді тиімді шеше алады», – деп атап өтті Ерлан Файзуллин.



Соңғы жаңалықтар