Қарағанды облысында ұлттық тағамдар әзірлеуден челлендж өткізіліп жатыр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Қарағанды облысында ұлттық тағамдарды дайындау бойынша челлендж іске қосылды. Ол 30 сәуірге дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап .

Дайындалған тағамдар көп балалы отбасыларға, медқызметкерлерге және блок бекеттердегі кезекшілерге таратылады.

Іс-шараны Қарағанды облысының ҚХА өкілдері Ішкі саясат басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды.

«27 сәуірде ұлттық тағамдарды дайындау бойынша #ҰлтТағамдары челленджіне Қарағанды, Балқаш, Абай, Ақтоғай және Бұқар жырау аудандары қатысты. Бүгін, 28 сәуірде челлендж Қаражал, Приозерск, Жаңаарқа, Қарқаралы және Нұра аудандарында жалғасты. 29 сәуірде еріктілер Саран және Сәтбаев қалаларында, Осакаров, Ұлытау және Шет аудандарында ұлттық тағамдар таратады. Соңғы күні, 30 сәуірде челлендж Қарағанды, Жезқазған, Теміртау және Шахтинск қалаларында өтеді», - деп хабарлады Қарағанды облысының ҚХА.
Сонымен қатар, облыста «Біз біргеміз» акциясы аясында 100-ден астам қайырымдылық іс-шарасы, онлайн концерт, мектептерде онлайн байқау, викториналар және танымдық жоба ұйымдастырылады.
2 мамырға «Жаңғыру жолы» өңірлік штабының базасында «БҰҰ Моделі «Ассамблея стратегиясы – әркімнің игілігі» онлайн конференциясы жоспарланған. Оған жастар ұйымдарының өкілдері, студенттер мен оқушылар қатысады.

Айта кетерлігі, #ҰлтТағамдары челленджіне орай el.kz сайтында ұлттық тағам түрлерін әзірлеу әдістерімен таныса аласыздар.


Соңғы жаңалықтар