Қарағанды облысында тасыған өзен суы үйлерді басты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында өзеннің арнасынан асуы салдарынан екі жеке үйді су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Биыл 12 сәуірде сағат 20:03-те Сабыр қожа өзенінің арнасында сең үйіндісінің жиналуы салдарынан Қарағанды облысы Осакаров ауданы Николаевка елді мекеніне жақын маңда өзен арнасы қысқа уақытқа тасып, оған жақын орналасқан жеке үйлердің 20 ауласын су басты», - делінген ведомствоның хабарламасында.
21:30-да Қарағанды облыстық ТЖД бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдарының күшімен арық қазылып, өзен арнасының бұрынғы қалыппен ағуы қамтамасыз етілді. Жағдай толығымен тұрақталды. Ешкім зардап шекпеді.
13 сәуірде сағат 08:00-де су тасқыны болған жерде өзен арнасын санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
- Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлыққа аса бейім салалар аталды
- Қарқаралыда дәрігерлер пәтер алды
- 2020 жылы Қарағанды облысында 300-ден астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
- Маска режимін жиі бұзатын өңірлер анықталды
-
Қарағанды облысында жыл басынан бері 107 өрт оқиғасы тіркелді
-
Ақмола облысында Түркия азаматы көлігімен локомотивке соғылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам