Қарағанды облысында су тасқыны қаупі бар учаскелер әуеден бақыланды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Ақылбек Ахметжанов пен Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары Сапар Сатаев 8 сәуірде Бұқар жырау ауданының су тасқыны қаупі бар учаскелерді аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұшу барысында «Миньковская», «Байқадам», «Көкпекті», «Баймырза» бөгеттерін, Шоқай, Саран, Чкалов су қоймаларын аэровизуалдық тексеру жүргізілді. Сонымен қатар Нұра, Шоқай, Ошағанды, Соқыр, Баймырза, Солонка өзендері арналарының жағдайы зерттелді.

Көптеген су нысандарында ішінара мұз қату, кей жерлерде мұз жүру байқалады.

Космомониторинг деректері бойынша Қарағанды облысы аумағының 30%-ында

қар бар.

Ірі су қоймаларынан төгінділер жалғасуда: Самарқанд су қоймасынан - 55 текше м/с ағыны кезінде 20 текше м/с көлемінде; Ынтымақ су қоймасынан ағызу 74 текше м/с ағыны кезінде 8 текше м/с құрайды. Шерубай-Нұра су қоймасынан ағызулар жүргізілмейді, ағын 7 текше м/с құрайды.

«9 сәуір күні таңертең Нұра ауданында Қон және Жаманқон өзендерінің арналары

бойынша еріген судың қарқынды түсуінен Теңіз көліне кіреберістегі Қон және Нұра

өзендерінің жайылмаларында орналасқан Нығман елді мекенінің жыл сайынғы

оқшаулануы орын алды. Ақмола облысының Қорғалжын ауылымен көлік қатынасы бар .

Сондай-ақ, Ақтүбек және Құланөтпес елді мекендерінің арасындағы көлік қатынасы үзілді.

Дегенмен елді мекендерді су басу қаупі жоқ.

Ауылдарда азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткілікті.

Жағдай облыстық су тасқынына қарсы жедел штабтың бақылауында.


Соңғы жаңалықтар