Қарағанды облысында саят құсын салатын үздік бапкерлер анықталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Ұлы дала мұрасы» атты саят құстары және итпен аң аулау бойынша халықаралық турнирінің нәтижелері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Байқаудың жүлде қоры - 2,5 млн теңге. Турнирдің қорытындысы бойынша ең Үздік бүркітші Жамбыл облысынан келген Серікболсын Жалғасұлы болды. Екінші орынды Атырау облысынан Арман Қошқаров иеленді. Үздік үштікті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Серікбек Күнтуған түйіндеді.

Үздік сұңқар салушы аңшы атағы Алматы облысынан келген Медет Шәліповке берілді. Бұл номинацияда Қырғызстаннан келген Түгелбай Әбдіқадыров күміс жүлдені иеленді. Ал үшінші орын Атырау облысының тұрғыны Ерасыл Серікбекке бұйырды.

Ең жылдам қаршығалар Қырғызстаннан келген Әбдірасұл Қуатов, Маңғыстау облысынан Ержан Сахарбай және Жамбыл облысының тұрғыны Берікболсын Бабажандікі болды. Бірінші орынды Павлодар облысының тұрғыны Бекболат Ысқақов иеленді. Естеріңізге сала кетейік, жарыс Шет ауданындағы Ақсу-Аюлы кентінің маңында өтті. Жеңіске жету үшін ұлттық спортшылар 8 және 9 қараша күндері бақ сынасты.Еске сала кетсек, байқау Қарағанды облысының Ақсу-Аюлы кентінің маңында өткізілді. Іс-шара Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орайластырылған және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар