Қарағанды ​​облысында медициналық маскалар шығарыла бастады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Облыста медициналық маскалар тапшылығы болмайды. Бұл туралы Қарағанды ​​облысы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағандыда тұрғындардың бұл өнімге деген сұранысын қанағаттандыруға дайын кәсіпорын бар. Жергілікті медициналық өнімдер жақын арада дәріханаларға жіберілмек.

«Медициналық маскалар шығаратын машина сатып алдық. Ол бір минутта 100-120 дана шығаруға қауқарлы. Біздің маскалар үш қабатты. Біз облыс тұрғындарының инфекциядан қорғаныс қажеттілігін толығымен жаба аламыз» - деді «MФ «Meрей» ЖШС директоры Қанат Наурызбаев.

Өз кезегінде Әлішер Әбдіқадыров әлеуметтік дәріханаларды маскалармен қамтамасыз етуді бастау керек екенін атап өтті. Өнімдер ең алдымен қарағандылықтардың қажеттіліктеріне сәйкес келуі керек. Кез-келген экспорт туралы әңгіме болуы мүмкін емес.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаевтың айтуынша, маскаларға сұраныс баршылық. Қазір кәсіпорын маскалар барлығына жету үшін жұмыстарды бастауға дайы.

Әкім орынбасары сондай-ақ Сарандағы жеке гигиена және үй-жайларды дезинфекциялауға арналған антисептикалық заттар шығаратын кәсіпорында болды. Оның қуаттылығы сағатына 2000 бөтелке, яғни тәулігіне 1000 литр.

«Қазақстанда біз тәрізді осындай төрт өндіріс орны бар. Біздің бағаларымыз төмен. Біз медициналық мекемелерге өнімдерді жеткіземіз және бүкіл Қарағанды ​​облысын дезинфекциялық заттармен толық қамтамасыз етеміз», - деді «Грос Фарм»ЖШС директорының орынбасары Михаил Момчелидзе.

Әлішер Әбдіқадыров өндірушеге дәріханалармен жұмыс жасауды ұсынды.

Жергілікті өндірушілер облыс тұрғындарын маскалармен ғана емес, сондай-ақ қолға арналған антисептиктермен де қамтамасыз етуге уәде берді.



Соңғы жаңалықтар