Қарағанды облысында қылмыстық істі заңсыз тоқтатқан тергеуші күдікке ілінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында қылмыстық істі заңсыз тоқтату әрекеті үшін тергеуші күдікке ілінді. Бұл туралы ондайн брифингіде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Аппарат басшысы Қуаныш Жапақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның сөзіне қарағанда, Қарағанды облысы бойынша департамент қызметкерлері Осакаров ауданы полиция бөлімінің тергеушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Тергеуші күдіктінің мүддесі үшін қылмыстық істі заңсыз тоқтату жолымен лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану күдігіне ілікті.

Қуаныш Жапақов заңнамаға сәйкес төтенше жағдай кезінде қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасау, қылмыстық жазаны ауырлататын мән-жайлар болып саналатынын еске салды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Алматыда ҚХР азаматының 10 мың доллар ақшасын заңсыз иемденген арнайы жедел әрекет ету отрядының инспекторы анықталды.



Соңғы жаңалықтар