Қарағанды облысында коронавирус індетінен 1 адам көз жұмды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында коронавирус індетінен 1 адам көз жұмды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Осылайша Қазақстан бойынша үшінші адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды.

62 жастағы ер адам жақында екі жақты пневмониямен жұқпалы аурулар ауруханасына өте ауыр жағдайда жатқызылған, бұған дейін ол медициналық көмекке жүгінбеген. Реанимацияда оған белгіленген қауіпсіздік хаттамасына сәйкес барынша көмек көрсетілді.

Өкінішке орай, дәрігерлердің көмегі науқастың өмірін сақтап қала алмады, ол таңғы сағат 7-де қайтыс болды. Онымен байланыста болған барлық адамдар анықталды және жабық карантинге орналастырылады.


Соңғы жаңалықтар