+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Қарағанды облысында көктемгі егіс науқаны қызу жүріп жатыр

2020 жылғы 20 мамыр 23:32
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында көктемгі егіс науқаны қызу жүріп жатыр

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Шайдаров Нұра және Осакаров аудандарын аралап, ондағы егіс науқанының барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Серік Шайдаров Осакаров ауданындағы «Садовое-К» ЖШС мен «Әубәкіров» және «Салтанат» шаруа қожалықтарының алқаптарында болды. Мұнда шаруалар қажетті тұқым алып, техникасын дайындап жұмыс жоспар бойынша жүріп жатыр.

Облыс әкімінің орынбасары «Салтанат» шаруа қожалығында салынып жатқан 600 басқа арналған тауарлы-сүт фермасы мен «Садовое-К» ЖШС базасындағы ферманы аралап қайтты.

Нұра ауданында облыс әкімінің орынбасары «Карой» ЖШС-де болып, Заречный ауылында «Ақ маржан», «Акупов», «Береке» және басқа шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесті.

«Карой» ЖШС басшысы Виктор Приб сүтті мал шаруашылығын дамыту жоспарлары туралы айтып берді.

Серік Шайдаров мемлекеттік қолдау шараларын, нақтырақ айтқанда, құрылыс-монтаж жұмыстарына, техника, өзге де ауыл шаруашылығына қажетті жабдықтар мен жемшөп сатып алуға және асыл тұқымды мал құнын арзандатуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібін түсіндірді.

Облыс әкімінің орынбасары Виктор Прибке жобаны кеңейтуді, сандық технологияларды енгізумен мал шаруашылығы базаларын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындауды, қолдан ұрықтандыруды қолдану арқылы жоғары тұқымды өсіруді ұсынды. Жобаның өзін әкімнің орынбасары қарыз қаражатын тарту арқылы жүзеге асырған жөн деп атап өтті.

«Ақ маржан», «Акупов», «Береке» шаруа қожалықтары басшыларымен кездесуде көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу және ауыспалы егісті сақтай отырып жерді тиімді пайдалану мәселелері талқыланды.

«Көктемгі егіс жұмыстарына кірісіп кеттік. Егіс алқабындағы техникалар алдын ала дайындалды, шаруашылықтар жеткілікті мөлшерде арзан дизель отынымен және тұқыммен қамтамасыз етілген», - деді «Ақ маржан» шаруа қожалығының басшысы Леонид Полеводин.

Кездесуге қатысушылар тыңайтқыштар мен пестицидтердің құнын субсидиялау, тұқым шаруашылығын дамыту және т.б. сұрақтарына жауап алды.

Сапар қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары аудандарға егісті жеделдету және науқанды оңтайлы мерзімде аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар берді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT