Қарағанды облысында қараталақ індеті бойынша сотталған мал дәрігеріне рақымшылық жасалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Шет ауданында қараталақ «Сибирьская язва» індетіне қатысты мал дәрігеріне үкім шығарылып, сол мезетте рақымшылық жасалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ҚР ҚК 327-бабының 1-тармағы (Ветеринариялық қағидаларды немесе өсiмдiктердiң аурулары мен зиянкестерiне қарсы күресу үшiн белгiленген қағидаларды бұзу) бойынша қылмыс жасады деп айыпталған «Шет аудандық ветеринарлық стансасы» МҚК-нің 62 жастағы қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушы кінәсін толықтай мойындады. Оған пробациялық бақылауды қолдану арқылы 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру белгіленді. Сотталушыға қатысты «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы» заңының нормалары қолданылып, жазасын өтеуден босатылды», - деп айтты №2 Шет аудандық сотының кеңсесі.

Істің материалдары бойынша, мал дәрігері Еркіндік ауылы тұрғынының ауырып қалған жануары туралы қоңырауына мән бермеген. Ол айтылған жерге ветеринарлық фельдшерді жіберген. Фельдшер сиырды тексеріп, көзбен қарап шыққасын диагноз қойған, алайда қараталақ мерезінің белгілерін байқамаған. Талдау үшін ешқандай сынама алынбаған. Иелері малды сойған. Үкім заңды күшіне енбеді және аппеляциялық инстанцияға наразылық білдірілуі немесе шағым түсірілуі мүмкін.

Еске сала кетейік, маусым айында Қарағанды облысы, Шет ауданы, Еркіндік ауылында қараталақ індеті анықталды. Ауыл тұрғыны аталмыш індетті дұқтырған малды сойып, етін туыстары мен көршілеріне таратқан. Ауылда карантин жарияланды. Облыстық инфекциялық ауруханаға 11 адам қараталақ індеті жұқтыруы мүмкін деген күдікпен жатқылызылды. Зертханалық тұрғыдан 8 жағдай расталды. Науқас адамның екеуі - 33 жастағы әйел мен 49 жастағы ер кісі қаза тапты.

ТЖ дерегі бойынша полицейлер ҚР ҚК 327-бабының 1-тармағы (Ветеринариялық қағидаларды немесе өсiмдiктердiң аурулары мен зиянкестерiне қарсы күресу үшiн белгiленген қағидаларды бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Облыста орын алған оқиғаға байланысты бірнеше шенеунік жұмыстан босатылып, ескертулер алды.

Соңғы жаңалықтар