Қарағанды облысында қанша мүлік иелері бірлестігі тіркелген

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Бүгінгі таңда Қарағанды облысында 304 мүлік иелері бірлестігі тіркелген. Бұл жайында Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда «Кейбір заңнамалық актілерге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң күшіне енді.

Оған сәйкес, 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап ПИК қызметі тоқтатылады.

Оның орнына МИБ және ҚС келеді. Олар тұрғындарға үйді өз бетінше басқаруға мүмкіндік береді.

«Осы мерзімге дейін кооперативтер басқарушы немесе сервистік компания болып қайта құрылуы және жаңа мәртебеде үйлерге қызмет көрсету жөніндегі өз қызметін жалғастыруы тиіс. Бірақ егер олар тұрғындар жиналысында таңдалса ғана. Егер тұрғындар ПИК жұмысына наразы болса, пәтер иелері олардың қызметінен бас тартып, қазірдің өзінде МИБ немесе ҚС құра алады», – деп атап өтті Ұлантай Үсенов.

МИБ – заңды тұлға. Оны құру механизмі мынадай: алдымен тұрғындар жиналысын өткізу керек. Үй иелері құрамынан үш жыл мерзімге кеңес сайланады.

Төрағаны таңдау қажет. Оның өкілеттігі жыл бойы жарамды болады. Аудиторды немесе тексеру комиссиясын анықтау керек.

Содан кейін жарғыны бекітіп, ХҚО-ға МИБ тіркеу туралы құжаттарды тапсыру керек.

Онда өтініш толтыру, жиналыс хаттамасын ұсыну және 1 АЕК (2 917 теңге) мөлшерінде мемлекеттік баж төлеу қажет.

Бүкіл қызмет барысында МИБ-тен ешқандай салық алынбайды.

ҚС құру үшін тұрғындардың 100% келісімі қажет. Ол заңды тұлға болып табылады. Жарғы және тіркелім әділет органы мен ХҚО-да тіркеудің қажеті жоқ.

Бірақ жергілікті атқарушы органдарда тіркеу есебіне тұру керек. Үй тұрғындары сенімді адамды таңдай алады.

Бұл адам пәтер иелері берген сенімхат негізінде әрекет етеді.


Соңғы жаңалықтар