Қарағанды облысында қалай онлайн құрбан шалуға болады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Биыл Құрбан айт мерекесі 31 шілде мен 1-2 тамызға келеді. Елімізде карантин шаралары қабылданғандықтан қазақстандықтар құрбандықты онлайн шалады. Ол үшін Qurban2020.kz сайты жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында мерекені онлайн режимде өткізу үшін штаб құрылды, оның құрамына бес техникалық маман кіреді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің тікелей эфирінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы облыстық филиалының басшысы, Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Бекқожа мәлімдеді.

«Біріншіден, баршаңызды ең ұлы және ең қасиетті Құрбан айтпен құттықтағым келеді. Осы жылы ҚМДБ шешімі бойынша ол онлайн режимде өтеді. Бұл дегеніміз - мүфтият ашқан Qurban2020.kz сайты арқылы әркім құрбандық шала алады. Оның басты бетінде үш ұяшық бар. Біріншісін басу арқылы сіз құрбандық шалу қызметіне тапсырыс бере аласыз. Онда аймақты атап өту керек, содан кейін сауалнаманы толтырып, деректеріңізді қалдыру керек. Содан кейін жануарды таңдау керек. Ірі қара малды, қойды, ешкіні немесе түйені құрбан етуге болады. Ірі қара немесе түйе бір адамды немесе жеті адамды біріктіре алады. Қой немесе ешкіні тек бір адам ғана құрбан етеді», - деді Өмірзақ Бекқожа.

Сайт пайдаланушысы жануардың түрін таңдағаннан кейін оның құны автоматты түрде пайда болады. Содан кейін электрондық тапсырыс нөмірі шығады және тиісті соманы көрсетілетін деректемелер бойынша аудару қажет.

Екінші ұяшық мұқтаждарға арналған. Мұнда сіз құрбандық етін алуға өтініш бере аласыз. Ол үшін сайтта тұратын аймақты көрсету және тиісті әлеуметтік мәртебені растайтын құжаттарды тіркеу қажет.

Qurban2020.kz сайтындағы Құрбан айт туралы толық ақпаратпен мына сілтемеде танысуға болады.

Соңғы жаңалықтар