+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Қарағанды облысында із-түзсіз жоғалған ер адамның көлігі табылды

2021 жылғы 11 сәуір 20:49
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында із-түзсіз жоғалған ер адамның көлігі табылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында жоғалған ер адамды іздеу жұмыстары жалғасуда. Қарағанды облысы Нұра ауданы Кәрім Мыңбаев ауылының тұрғыны 8 сәуірге қараған түні көрші ауылға кетті, бірақ межелі жерге жетпеген. Бүгін полицейлер оның көлігін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда 2 жасар қыз екінші қабаттағы терезеден құлап кетті Петропавлда11 жасар қызды көлік қақты АҚШ-та лотерея билетін кір жуғыш машинаға салып жіберген әйел 26  млн доллардан айырылды

Осыған дейін хабарланғандай, 10 сәуір күні сағат 03:00-де Нұра ауданында ер адам жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Өтініш берушінің айтуынша, 8 сәуірге қараған түні 1958 жылы туған ер адам Кәрім Мыңбаев ауылынан Тассуат ауылына автокөлікпен шығып, межелеген орынға жетпеген. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнында ТЖД, полиция және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстарына тікұшақ тартылды.

Қарағанды облысының полиция департаменті жоғалған шаруа қожалығының басшысын іздестіру бойынша құтқару іс-шараларының нәтижелері жайлы мәлімдеме берді.

Нұра ауданының 62 жастағы тұрғыны автокөлігімен аудан орталығына қарай бет алған, содан кейін ер адамды ешкім көрмеген.

«Аталған факті бойынша іздеу-іздестіру шаралары бірден басталды. Оған полицейлерден басқа Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, еріктілер де қатысуда. Қазіргі уақытта хабар-ошарсыз кеткен ер адамның көлігі табылды. Іздестіру шаралары жалғасуда», - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT