Қарағанды облысында «Газель» көлігін жөндеп жатқан ер адамды қағып өлтірді

None
None
ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында «Газель» жүргізушісі жолдың шетінде жүк көлігін жөндеп жатқан ер адамды қағып кетті. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Оқиға 13 қазанда «Алматы-Екатеринбург» автожолында болды. «Газель» автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі Теміртау қаласынан Нұр-Сұлтан қаласы бағытында келе жатқан. Анықталғандай, 58 жастағы зардап шегуші жол жиегінде өзінің жүк машинасын жөндеп жатқан. Жол апаты салдарынан ол оқиға орнында қаза болды.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар