Қарағанды облысында еріген қар суы үш жолды басып қалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте Қарағанды облысының аумағында қардың қарқынды еруіне байланысты жолдардың үш учаскесін су басты. Дегенмен көліктердің қозғалысы тоқтамады. Елді мекендерге ешқандай қауіп жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тасқын су Осакаров ауданында, Молодежный кентінен 7 км жерде, Қызылорда - Павлодар тас жолының 1058-ші шақырымында болды;

Осакаровка - Молодёжный тас жолының 8-ші шақырымында; Нұра ауданында Нұрсұлтан - Қабанбай батыр - Нұра - Теміртау жолының 148- 149-шы шақырымында. Мұнда ескерту белгілері орнатылып, жол қызметі, жергілікті полиция қызметі және ТЖД бөлімшелерінің кезекшілігі ұйымдастырылды.


Автомагистральдарға орнатылған су өткізгіштер тасқын сулардың кедергісіз өтуіне мүмкіндік береді.

«Қарағанды облысында су тасқыны жағдайы тұрақты және су тасқынына қарсы облыстық жедел штабтың қатаң бақылауында», - деп мәлімдеді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінде.

Өткен жылы 74 жол учаскесінде су өткізу қабілетін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Наурызда Осакаров ауданындағы Сабырқожа, Абай ауданындағы Нұра және Қарқаралы ауданындағы Қарасор көлдерінде мұз жару жұмыстары жүргізілді. Ақтоғай және Бұқар жырау облыстарындағы Ақтас және Нұра өзендерінде бұрғылау және мұз кесу жұмыстары аяқталды.


Соңғы жаңалықтар