+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Қарағанды облысында экологиялық сенбілік өтті

2020 жылғы 21 қыркүйек 16:53
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында экологиялық сенбілік өтті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандылықтар демалыс күндері су қоймаларының жағалауынан қоқыс жинап, ағаш отырғызды. Экологиялық сенбіліктер Дүниежүзілік тазалық күніне (World Clean Up day) орайластырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Көкшетау – көк қарағай мекені: Ақмолада экологиялық акция ұйымдастырылды Атырауда балық қорғау заңнамасын бұзғандарға 20 млн теңгеден астам айыппұл салынды Кіші Алматы өзенінің каскадтары неге алынған әкімдік түсіндірді

Қарағандыда акция Федоров су қоймасында өтті. Оған еріктілер, экологиялық белсенділер, қоғам қайраткерлері, кәсіпорын қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер қатысты. Жағалау аймағында тал егілді.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастамасымен «Сұрыпта, тапсыр, қайта өңде!» атты акция ұйымдастырылды. Оған қатысушылар Тихоновка орманында қоқыс жинап, оны бірден сұрыптады. Қапқа пластик, шыны, алюминий және аралас қалдықтар бөлек салынды. Содан кейін мұның бәрі қайта өңдеуге жіберілді.

Экологиялық сенбіліктер барлық қалалар мен аудандарда өтті. Жезқазғанда Кеңгір су қоймасының жағалауы қоқыстан тазартылды.

Акция осы жылы өңірде жарияланған «Кеңгір - баршаның қамқорлығы» жобасының логикалық жалғасы болды. Жезқазғандықтар ортақ күш-жігермен жағалауды ретке келтіріп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT