Қарағанды облысында браконьерден 8 млн теңгенің балығы тәркіленді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында браконьерден заңсыз ауланған екі тоннадан астам балық тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Қарағанды облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметі табиғат қорғау қызметкерлері Ақтоғай ауданы және Приозерск қаласының аумағында рейд шараларын жүргізді. Соның барысында «Алматы-Екатеринбург» тасжолында Алматыға бет алған Ford маркалы көліктен балық табылды. Көлікті Сарышаған кентінің тұрғыны тізгіндегені анықталды», - деді Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Полицейлер браконьердің автокөлігінен екі түрлі балық - 327,6 кг беріш, 2420,6 кг көксерке салынған 91 қапты тәркіледі. Балықтың жалпы салмағы 2 тонна 420 кг 600 грамм.

Браконьердің келтірген залалы 8 миллион 80 мың 126,6 теңгені құрайды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметі атап өткендей, ер адам балықты Балқаш көлінен уылдырық шашу кезінде аулаған. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүріп жатыр.


i.ytimg.com сайтынан алынған иллюстрациялық фото

Соңғы жаңалықтар