Қарағанды облысында бір миллионнан астам адам санақтан өтті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық санақтың аяқталуына бес күн қалады. Қарағанды облысында 25 қазандағы жағдай бойынша сауалнамаға 1 млн 58 мың 936 адам қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Статистика департаментінің басшысы Жанат Садықова онлайн режимде өткен аппараттық кеңесте мәлімдеді.

Санаққа қатысқандар арасында ең белсенді Нұра ауданының тұрғындары болды. Бұл ауданда науқан мерзімінен бұрын, жүз пайыз қамтумен аяқталуы мүмкін. Сондай-ақ Приозерск және Ұлытау аудандары көш бастап тұр.

Естеріңізге сала кетейік, sanaq.gov.kz сайтында онлайн санақ жалғасуда. Сауалнамадан өз бетінше өтпегендерді интервьюерлер аралайды. Бұл халықты санақпен толық қамту үшін қажет.

Барлық интервьюер коронавирус вакцинасын алған, сондай-ақ жеке қорғаныш құралымен қамтамасыз етілді. Интервьюердің өзімен бірге куәлігі болуы тиіс, оның дұрыстығын sanaq.gov.kz сайтында тексеруге болады. Сонымен қатар, оларда мойынорауыш және санақтың символы бар көк портфель берілген.

Өңір басшысы Жеңіс Қасымбек қалалар мен аудандардың әкімдеріне санақтың аяқталуына барынша ықпал етуді және туындаған мәселелерді жедел шешуді тапсырды.

Ұлттық санақ 30 қазанда аяқталады. Осыдан кейін, 31 қазаннан 7 қарашаға дейін бір апта ішінде 10 пайыздық ішінара тексеру жүргізіледі.

Санаққа қатысты барлық сұрақтар бойынша 1446 және 8-8000-800-878 тәулік бойғы call-орталыққа хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін. Сонымен қатар, sanaq.gov.kz сайтында телефон нөмірі бар өңірлердің call-орталықтарының тізімі бар.


Соңғы жаңалықтар