Қарағанды облысында барлық бағыттағы жолдар бүгін ашылуы тиіс

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Соңғы күндерде жауға қалың қар Қарағанды облысында жолдардың жабылуына себепші болды. Мамандардың айтуынша, өңірде соңғы 15 жылда мұндай боран болмаған. Ауа райының қолайсыздығына туындаған мәселелер облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның кезекті отырысында талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ТЖД ақпараты бойынша, 17-29 қаңтар аралығында облыс бойынша жауын-шашын нормадан екі есеге артық жауған. Күн сайын дауылды ескерту жарияланды. Боран кезінде көрінудің нашар болуына байланысты барлық бағыттар бойынша қозғалыс жабылды.

«Ауа райының нашарлауы Балқаш, Приозерск қалалары мен Шет, Ақтоғай және Жаңаарқа аудандарының оңтүстік шекараларынан басқа облыстың барлық аумағында орын алды. 105 құтқару операциясы жүргізілді. 954 адам құтқарылды, 229 техника жұмылдырылды. Адамдар жылыту бекеттеріне орналастырылып, тамақтандырылды. Қар басқан елді мекендерден емдеу мекемелеріне 21 адам жеткізілді, оның ішінде алтауы жүкті әйел», - деп хабарлады облыстық ТЖД бастығы Ибрагим Күлшімбаев.

Кеңесте айтылғандай, республикалық жолдарда 820 машина: 188 жеңіл, 601 жүк көлігі және 31 автобус қар құрсауында қалған. Жүргізушілер мен жолаушыларға ауа райының жақсаруын қауіпсіз жерлерде күту ұсынылды.

29 қаңтарда таңертең ауа райы жақсарып, жолдар ашылды. Облыс жолдарында Осакаровка және Ұлытау аудандарында 4 учаске жабық. Республикалық жолдарда 5 учаскеде, соның ішінде Нұр-Сұлтан бағытында көліктердің жүруіне тыйым салынды.

Теміржол вокзалы мен әуежай штаттық режімде жұмыс істейді.

Барлық облыс жолдары бойынша жолақтарда толық қозғалысты қамтамасыз ету күннің ортасына дейін міндеттелсе, республикалық жолдарда кешке дейін қалпына келтірілу керектігі айтылды.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек республикалық жолдардағы жағдайға байланысты «Қазақавтожол» мекемесінің атына сын айтты.

«Мен мердігердің әлсіз жұмысын атап өтуге мәжбүр болдым. Қысқы уақытта жолдарды қадағалауға дайындық төмен деңгейде болды», - деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі автомобиль жолдарын қардан толық тазалауды талап етті.

«Қар тазалау жұмыстары ерекше бақылауда. Барлық жолдар ашық болуы керек. Қалалар мен аудандарда жақын күндері барлық қоғамдық орындарда, мектептер, ауруханалар, балабақшалар маңайынан қар тазалап, тасып шығарыңыздар. Жинау үшін қауіпсіз орындарды анықтау керек. Әкімдер, қар тазалау жағдайы бойынша әр елді мекенде жеке жауап беретін болады», - деді Жеңіс Қасымбек.

Жетекшілерінің есептері бойынша, қолайсыз ауа райы жылумен қамтамасыз ету жүйесіне әсер етпеген. Облыста барлық 8 станса штаттық режімде жұмыс істейді. Сонымен қатар, ауа райының қолайсыздығына байланысты 13 елді мекен электр қуатынсыз қалды. Олардың кейбірінде электр қуаты қалпына келтірілді. Жеңіс Қасымбек бүгін кешке дейін дейін барлық қалған апаттарды жоюды тапсырды.

Қарағанды облысында автомобиль жолдарының желісі 12 441 шақырымды құрайды, оның ішінде: Республикалық маңызы бар - 2 785 шақырым (10 автожол); облыстық маңызы бар - 3 462 шақырым (44 автожол); аудандық маңызы бар, кентішілік автожолдар және елді мекендердің көшелері - 6 194 шақырым. Жалпы облыс бойынша ұзындығы 705 шақырым болатын 590 қар жиналып қалатын учаске анықталған.


Соңғы жаңалықтар